Сақтандырылмаған азаматтарға уақытша мәртебе иеленуге болады

22 Тамыз 2020, 09:42
1329
Бөлісу:
Сақтандырылмаған азаматтарға уақытша мәртебе иеленуге болады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бұл туралы «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Нұр-Сұлтан қаласы бойынша филиалының баспасөз қызметі хабарлады.

«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Нұр-Сұлтан қаласы бойынша филиалы директорының орынбасары Айнагүл Дәулетшинаның мәлімдеуінше, мемлекет тарапынан жарна төленетін, жеңілдік берілген 15 санат өкілдеріне, ал бұл 2020 жылдың 1 тамызындағы жаңдай бойынша Нұр-Сұлтан қаласы бойынша 619 601 азамат үшін, Медициналық сақтандыру қоры уақытша мәртебе беру алгоритмін (бір айға) әзірледі.  
Олар өз емханасына немесе өз бетінше Qoldau 24/7 мобильді қосымшасы арқылы жүгіне алады.  Осылайша, халықтың жеңілдік санаты бар өкілдерінің жүйедегі сақтандыру мәртебесіне қатысты туындаған мәселелері жедел шешімін табады, пациент медициналық қызметтерге қол жеткізе алады, - дейді ол.

Пациент медициналық ұйымға барған кезде, медициналық мекеме қызметкері пациенттің растайтын құжатын сканерлейді (суретке түсіреді) және оны «Qoldau 24/7» мобильді қосымшасы арқылы ӘМСҚ-ға жібереді. Қор пациентке 1 айға мәртебе береді, оған тиісті хабарлама жіберіледі. 

Дәл осылай, жеңілдік санатындағы азамат та  App Store және Play Market-те «Qoldau 24/7» мобильді қосымшасын жүктеу арқылы мұны өз бетінше жасай алады. Жеңілдік санатына қатыстылығы туралы растайтын құжатты жүктеп алып, ӘМСҚ-ға жіберу қажет. Қор өтініш берушіге 1 айға мәртебе береді және тиісті хабарлама жібереді.

Азаматтар сақтандыру мәртебесін ӘМСҚ-ның  fms.kz ресми сайты, Qoldau 24/7 мобильдік қосымшасы, Telegram-дағы Saqtandyru-bot арқылы тексеру қажет. Барлық жүйе дұрыс және айқын жұмыс істейді. 

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы айына екі рет Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына жеңілдік санатындағы азаматтар  бойынша жаңартылған деректер базасын ұсынады. Тұрақты сақтандыру мәртебесін растау үшін 1414 нөмірі бойынша Мемлекеттік корпорацияға хабарласу қажет. 

Сондай-ақ, төлемдердің болуы немесе болмауы, қайтарылған төлемдер туралы ақпаратты https://egov.kz «Электрондық үкімет» порталынан алуға болады.  Ол үшін «Медициналық қызметтерді тұтынушы ретінде қатысу туралы және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіндегі аударымдардың және (немесе) жарналардың аударылған сомалары туралы ақпарат беру» электрондық мемлекеттік қызметіне тапсырыс береді.
Өзгелердің жаңалығы