Астанада Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді АҚШ мемлекеттік хатшысы Энтони Блинкенмен кездесті, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Бізді АҚШ мемлекеттік хатшысы Энтони Блинкеннің Орталық Азиямен ынтымақтастысқа адал екенін көру қуантады. Бұл - оның осы өңірге жасаған алғашқы сапары. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың айқындап берген дипломатиялық басымдықтарымыз ретінде Қазақстан өзінің көпвекторлы әрі салмақты сыртқы саясатын жалғастырады, – деді Мұхтар Тілеуберді.
Министрдің айтуынша, осы тұрғыда Орталық Азия және АҚШ біз үшін басымдықтар береді.
Бұл С5+1 форматы Қазақстан үшін бұрынғыдан да өзекті. Біздің ұжымдық күш-жігеріміздің арқасында C5+1 маңызды құралға айналды. Ол экономикалық сауда байланысын нығайтуда және ортақ міндеттерді тиімді шешу жолында елдерімізді біріктіреді, – деді ҚР Сыртқы істер министрі.
С5+1 кездесуіне Өзбекстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Түрікменстанның сыртқы істер министрліктері қатысып жатыр.