«S&P Global Ratings» рейтингтік агенттігі Қазақстан экономикасына баға берді

7 Қыркүйек 2020, 11:15
1428
Бөлісу:
«S&P Global Ratings» рейтингтік агенттігі Қазақстан экономикасына баға берді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. «S&P Global Ratings» рейтингтік агенттігі Қазақстанның тәуелсіз несиелік рейтингін «BBB-» деңгейінде «тұрақты» болжаммен растады. 

Бұл туралы ҚР Ұлттық экономика вице-министрі Жаслан Мәдиев мәлімдеді, деп жазды Ұлттық экономика министрлігінің ресми сайты.

Агенттіктің пікірінше, Қазақстанның рейтингін елдің тұрақты бюджеттік жағдайы қолдайды, оның ішінде Ұлттық қорда жинақталған қаражат пен сыртқы қарыздың төмен деңгейі ел Үкіметінің экономикаға пандемияны ауыздықтауға бағытталған шаралар, сондай-ақ биліктің үздіксіздігі арқылы мемлекеттің институттардың тұрақтылығы мен болжамдылығының жоғары деңгейі арқасында қолжеткізілген.  

Рейтинг агенттігі басқа жетекші халықаралық қаржы институттарымен бірге қысқа мерзімде ұлттық экономиканың күрт қалпына келуін болжайды - орташа өсу қарқыны 2021-2023 жылдары шамамен 4% құрайды.

S&P 2019 жылы ұлттық экономиканың өсуінің негізгі факторы шикізаттық емес сектор, оның ішінде құрылыс, көлік және өңдеу секторы болғанын атап өтті. 2020-2022 жылдары шикізаттық емес сектор ұлттық өндірісті қалпына келтіру мен өсірудің қозғаушы күші болып қала береді.

Жаслан Мәдиев хабарлағандай, ағымдағы жылдың 9 наурызынан бастап «S&P Global Ratings» 57 елдің несиелік рейтингтері мен болжамдарын қайта қарады, соның ішінде Австралия, Бразилия, Чили, Жапония, Малайзия, Мексика, Эстония және Өзбекстан бар.

Өзгелердің жаңалығы