Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Солтүстік Қазақстан облысының тұрғындары туристік сапарлардан бас тартуда. Бұл туралы кәсіпкерлік және туризм басқармасының басшысы Құралай Жарова мәлімдеді.
Қ. Жарованың айтуынша, әзірге соншалықты даурығудың қажеті жоқ. Кейбір солтүстікқазақстандықтардың жоспарланған сапарларын кейінге қалдырып жатқанын айтты.
Әзірге 59 өтінім бар, оның 39-ы төленген қаржыны қайтарып алу туралы. Оның ішінде 27 өтінім бойынша қаражат қайтарылған. Кейінгі уақытта демалыс күндерін қайта жоспарлауға 20 өтінім бар. Егер сіз бұрын шетелге сапар шегуді және төтенше жағдайдың туындауына байланысты жоспарлаған болсаңыз, мен сіздерге қаражат қайтару үшін туристік агенттіктерге хабарласқаныңыз дұрыс деп ойлаймын, - деді Қ.Жарова.
Ол сапарларды жоспарлап отырған облыс тұрғындарының көпшілігі ақшаны қайтару туралы алаңдаушылық білдіріп отырғанын жеткізді.
Қаржы толығымен қайтарылмай жатыр деген сұрақтар туындауда. Бұл азаматтық-құқықтық қатынастардың саласы. Туризм қызметі туралы заңға сәйкес, егер форс-мажор жағдайлары туындаған жағдайда турист, егер шартта ерекше жағдай көзделмесе, туристік агенттікке іс жүзінде келтірілген шығындарды өтейді. Турист өзінің мүддесін қорғау үшін сотқа жүгінуге құқылы, - деді
Қ. Жарова.