Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Солтүстік Қазақстан облысында коронавирус инфекциясын жұқтырған 3 адам тіркелді.
(06.05.2020 ж. сағат 23:30-дағы жағдай бойынша)1983 жылғы ер адам, РФ азаматы (Омбы қ.), "Омск ‒ Қостанай" бағыты бойынша келе жатқан жүк көлігінің жүргізушісі 21 сәуір күні СҚО-ға келіп, Ғ. Мүсірепов атындағы ауданның, Червонное ауылында тұратын ата-анасының үйіне тоқтаған. Шекарадан өту кезінде одан COVID-19-ға анализ алынған, зертханалық зерттеулердің нәтижесі теріс болды. Осы уақыт бойы РФ азаматы (22 сәуірден 5 мамыр аралығында) үй карантинінде болды. 5 мамыр күні ер азаматтың қалтырау, жөтел, дене қызуының 37 градусқа көтерілуіне шағымы болды. Ол "Ғ. Мүсірепов атындағы ауданның аудандық ауруханасы" ШЖҚ КМК жұқпалы аурулар бөлімшесіне жатқызылып қайта тексерілді, 6 мамырда COVID-19 вирусын жұқтырғаны анықталды, - делінген хабарламада.
Жедел түрде науқаспен бірге тұрған 1956 жылы туған (әкесі), 1959 жылы туған (анасы) ата-аналары тексерілді. Зертханалық зерттеулердің нәтижелері олардың да COVID-19 вирусын жұқтырғанын көрсетті. Отбасы қазір Ғ. Мүсірепов атындағы ауданның жұқпалы аурулар стационарына жатқызылған. Пациенттердің жағдайы қанағаттанарлық деп бағаланды. Бекітілген хаттамаға сәйкес емдеу басталды. Байланыс жасаған адамдардың саны белгіленуде. Эпидемиологиялық тексеру жалғасуда.
06.05.2020 ж. жағдай бойынша СҚО аумағында 33 адамның COVID-19-ды жұқтырғаны тіркелген, оның ішінде науқастың біреуі Көкшетау қаласынан.