Сұлтанов: Қаза болған 5 баланың ата-анасына тиісті көмек көрсетіледі

5 Ақпан 2019, 10:33
3502
Бөлісу:
Сұлтанов: Қаза болған 5 баланың ата-анасына тиісті көмек көрсетіледі

Астана, BAQ.KZ тілшісі. Үкімет отырысында Астана қаласының әкімі Бақыт Сұлтанов өрттен қаза болған балалардың отбасына тиісті көмек көрсетілетінін мәлім етті.


Отырысыта Үкімет басшысы Бақытжан Сағынтаев қала әкімінен қайғылы оқиғадан балаларынан айырылған отбасына қандай көмек көрсетіліп жатқанын сұрады.

«Бақытжан Әбдірұлы, бүгінгі таңда Астана қаласы әкімдігі тарапынан тиісті көмектер берілді. Атап айтқанда, жерлеу рәсімі, ас беру ұйымдастырылып, материалдық және психологиялық тұрғыда көмек көрсетілуде. Тиісті комиссия құрылды. Қазіргі таңда ата-аналарымен де жұмыс істеп жатырмыз. Оларға жан-жақты көмек көрсетіледі», - деді Сұлтанов.

Сонымен қатар ол мұндай қайғылы оқиға қайталанбас үшін жүйелі түрде жұмыстар жүргізіліп жатқанын айтты.

«Ауа райының күрт суытуына байланысты жер үйлердегі тұрғындар пешті жиі пайдалануда. Бұл өрт шығу қауіпін арттыруда. Сондықтан мұндай жағдайдарды алдын алу үшін бүгінде аудан әкімдері, төтенше жағдайлар департаменті, полиция департаменті басшылары бірлесіп, түнгі рейд жұмыстарын жүргізуде.
Ал күндіз пеш шағып отырған жер үйлер мен нысандарды өрт қауіпсіздігін сақтау ережелері түсіндіріліп, тексеру жұмыстары жүргізіледі. Бұл бағыттағы 
жұмыстар жалғасады», - деді Астана қаласының әкімі.

Осыған дейін Үкімет басшысы Бақытжан Сағынтаев 5 бес баласынан айырылған отбасыға көңіл айтқанын жазғанбыз.

Айта кетейік, 4 ақпан күні түнде «Сарыарқа» ауданындағы «Көктал-1» тұрғын үй алабында өрт шығып, онда жеке үйдің аумағындағы шағын үй жанып кеткен. Салдарынан 2006, 2009, 2014, 2016, 2018 жылы туған бес бала көз жұмды.
Дәурен ЕРБОЛАТҰЛЫ
Өзгелердің жаңалығы