Сүлейменов жиенін қаққан Мұхитованың жазасын қайтадан жеңілдетуді сұрады

11 Қаңтар 2019, 12:35
10792
Бөлісу:
Сүлейменов жиенін қаққан Мұхитованың жазасын қайтадан жеңілдетуді сұрады

Астана, baq.kz тілшісі. Елордада өткен апеляциялық сотта Олжас Сүлейменов Малика Мұқитованы бас бостандығынан айырмауды сұрады.

Оның хатын судья Әсем Рамазанова оқып берді

«Отбасындағы үлкен азамат ретінде Астана қалалық сотына хат жолдадым. Мұқитованы қылмыстық немқұрайлылығы үшін жауапқа тартуды, бірақ бас бостандығынан айырмауды сұраймын. Бүгін де осы өтінішімді қайталаймын. Менің жұбайым мені қолдады. Қызым Лейла және басқа да жақындарым мені кейін түсінеді. Қиын сәтте мейірімділік таныту адамдағы адамгершілікті сақтап, оның өмірін қайырымды істер жасау үшін ұзартады. Лейлаға екі қызын өсіріп, жан тыныштығын қалпына келтіру керек», - деді ол өз хатында.

Ал Малика Мұқитова көзіне жас алып, өз кінәсін мойындайтынын айтып, Сүлейменовке алғысын білдірді.

«Мен Олжас Сүлейменовке қайырымдылық танытқаны үшін алғысымды білдіремін. Тағы да оның ата-анасынан кешірім сұраймын», - деді ол.

Айта кетейік, 2018 жылдың 22 маусымда Астанадағы Мәңгілік ел мен Керей, Жәнібек хандар даңғылдарының қиылысында Олжас Сүлейменовтің жиені Ескендірдің мотоциклі жеңіл көлікпен соқтығысқан. Салдарынан 26 жастағы Сүлейменов оқиға орнында көз жұмған.

Одан соң Сүлейменовті қағып кеткен Малика Мұқитованың әкесі Қызылорда облыстық ІІД басшысы Қайрат Мұхитов болғаны белгілі болған. 

Өткен жылдың қараша айында соттың үкімімен 29 жастағы Малика Мұхитова Олжас Сүлейменовтің жиені Ескендір қаза тапқан жол апатына айыпты деп танылып, 2 жылға бас бостандығынан айырылды, жазасын жеңіл деңгейдегі қауіпсіздік колониясында өтейтін болған.

Кейін Олжас Сүлейменов сотқа хат жазып, жиенін қаққан Малика Мұхитованы кешіретінін мәлімдеген. Бірақ жазушыға оның күйеу баласы қарсы шыққан.

Дәурен Ерболат


Өзгелердің жаңалығы