Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Рыбакинаның рейтингісі төмендеп жатыр

Әсел ӘБІЛБЕК
31 Наурыз 2025, 15:25
1236
Бөлісу:
 ©wtatennis.com
Фото: ©wtatennis.com

Әйелдер теннисі қауымдастығы (WTA) Майамидегі спортшылар рейтингісінің жаңартылған нұсқасын ұсынды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Бірінші орында соңғы "мыңдық" турнирінің жеңімпазы беларусь Арина Соболенко тұр. Екінші орында польшалық Ига Швёнтек, үшінші орында АҚШ өкілі Кори Гауффқа бұйырды.

Елена Рыбакина екі орын төмендеп, оныншы орынға түсті.

Айта кетейік Рыбакина Майамидегі турнирде нашар өнер көрсетіп, екінші айналымдағы алғашқы кездесуінде Эшлин Крюгерден жеңіліп қалған болатын. Тағы бір қазақстандық теннисші Юлия Путинцева бір сатыға көтеріліп, 23-орынға жайғасты.

Өзгелердің жаңалығы