Еліміздің бірінші ракеткасы Елена Рыбакина қазақстандық жанкүйерлеріне алғыс айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
7 қаңтарда Елена Рыбакина Брисбенде (Австралия) өткен WTA 500 сериясы турнирінде жеңіске жеткен болатын. Финалдық кездесуде қазақстандық теннисші Беларусь теннисшісі, әлемнің екінші ракеткасы Арина Сабаленконы ұтты. Бірінші сет 25 минутқа созылды. Рыбакина 6:0 есебімен жеңді. Екінші ойында 6:3 есебімен жеңіске жетті.
Осылайша Елена Рыбакина 2024 жылдың алғашқы жарысында чемпион атынды.
Бүгін теннисшіміз қазақстандықтарға алғысын білдірді.
Баршаңызға, әсіресе қазақстандық жанкүйерлерге көрсеткен қолдауларыңыз үшін алғыс айтамын. Хаттарыңызды оқып, өздеріңізді әлемнің түкпір-түкпіріндегі трибунадан көріп, әрдайым қуанамын, - деп жазды спортшы Instagram-дағы парақшасында.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев даңқты теннисші, Уимблдон турнирінің чемпионы Елена Рыбакинаны Австралияда өткен беделді жарыстағы сенімді жеңісімен құттықтап, жаңа белестерді бағындыра беруіне тілектестік білдіргенін еске сала кетейік.