Қазақстандық теннисші, әлемнің 10-шы ракеткасы Елена Рыбакина Билли Джин Кинг турнирінің іріктеу кезеңінде айқын жеңіске жетті, деп хабарлайды BAQ.KZ.
11 сәуірде Қазақстан құрамасы Колумбия ұлттық командасымен матчтар өткізді. Әлемнің 10-шы ракеткасы Елена Рыбакина колумбиялык теннисші Юлиана Лизаразоға қарсы ойнады.
Кездесу 52 минутқа созылып, қазақстандық теннисші 2:0 (6:1, 6:2) есебімен жеңіске жетті.
Бұл матчтан бұрын Қазақстанның тағы бір теннисшісі Юлия Путинцева да кездесу өткізді. Ол Колумбия құрамасының мүшесі Валентина Медиореал Арриасқа қарсы ойнады.
Юлия айқын және ешбір қарсылықсыз ойнап, қарсыласын екі партияда 6:0, 6:1 есебімен жеңді.
Кездесу бар болғаны 38 минутқа созылды, осы уақыт ішінде Юлия бір эйс жасап, екі еселік қателік жасамады.