Рыбакина Australian Open турнирінің екінші кезеңіне шықты

16 Қаңтар 2024, 17:53
380
Бөлісу:
Рыбакина Australian Open турнирінің екінші кезеңіне шықты
Фото: championat.com

Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина (әлемнің 3-ракеткасы) Grand Slam жарыстарының қатарына енетін Australian Open турнирінің екінші кезеңіне шықты,деп хабарлайды BAQ.KZ.

Ол Мельбурнда өтіп жатқан доданың алғашқы айналымында әлемнің бұрынғы бірінші ракетакасы болған чехиялық Каролина Плишкованы (38) жеңді.

Бірінші сетте есеп 6:6 болып, сет тайбрейкте жалғасты. Рыбакина тайбрейте 3:6 есебімен жеңіліп жатып, 8:6 есебімен жеңісті жұлып алды. Ал екінші сет 6:4 есебімен аяқталды.

Рыбакина екінші айналымда ресейлік Анна Блинковамен (57) ойнайды.

Өзгелердің жаңалығы