Руслан Степанов – Бүкіләлемдік жауынгерлік өнер ойындарының қола жүлдегері

29 Қазан 2023, 22:36
554
Бөлісу:
Руслан Степанов – Бүкіләлемдік жауынгерлік өнер ойындарының қола жүлдегері
Фото: Спортты дамыту дирекциясы

Сауд Арабиясының астанасы Ар-Риядта өтіп жатқан Дүниежүзілік жауынгерлік өнер ойындарында кикбоксингтен жарыс аяқталды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Спорттың бұл түрінен ел намысын лоу-кик санатында Руслан Степанов (81 келі) пен Шара Хамзина (65 келі) қорғады.

Руслан жартылай финалға дейін сүрінбей жетіп, осы салмақтың үздігі атанған бразилиялық Лукас Рафаэль Ферраз дос Сантосқа аса тартысты айқаста жол берді. Есеп: 1-2. Осылайша, Ұлттық құрама спортшысы мысырлық Абдулла Хусейн екеуі үздік үштікті түйіндеді.

Ал Шара ширек финалда хорватиялық Мария Бодачтың мықтылығын мойындап, жүлдеге бір табан жетпей тоқтады.

Жалпы кикбоксингтен жауынгерлік өнер ойындарында 28 мемлекет жүлде алды. Көш басында 3 алтыны бар Мажарстан.

Өзгелердің жаңалығы