"Рухани жаңғыру": Павлодарлық Алтын Орда кезеңін зерттеу экспедициясына аттанды

12 Маусым 2020, 15:38
2484
Бөлісу:
"Рухани жаңғыру": Павлодарлық Алтын Орда кезеңін зерттеу экспедициясына аттанды
PHOTO
Фото: автордан

Павлодар, BAQ.KZ тілшісі. Ертіс өңірінің археологтары Алтын Орда дәуірін зерттеу мақсатында экпедицияға аттанды. Басты мақсат - бұл кезеңді тыңғылықты зерттеп, құнды ғылыми материалдарды жинақтау.

Ғылыми топтың құрамында Қазақстан, Ресей, Белорусь және Украина елдерінің археологтары мен зерттеушілері бар. Павлодар облысының атынан кешінді зерттеу жұмысына жергілікті мемлекеттік педагогикалық университет жанындағы Марғұлан орталығының мамандары қатысады. Экпедиция құрамында облыстың өлкетану музейінің өкілдері де бар.

тыб1.jpg

"Ертіс" мультимедиялық музейі ежелгі тарих бөлімінің меңгерушісі Жақсыбек Нұртаев үшін бұл алғашқы экспедиция емес. Маман бұған дейін бірнеше халықаралық топтың құрамында болып, зерттеу жұмыстарына аттанды.

Ұлы даланың құпиялары көп. Біз бірнеше тарихи ескерткіштегі зерттеу жұмыстарын жалғастырамыз. Олардың қатарында Әуликөл мазарлары, Ақтоғай ауданының Сілеті алқабындағы Қызылоба, Жантай ескерткіштері бар. Блытырғы археологиялық маусымда құнды жәдігерлер табылған болатын. Осы алқапта Алтын Орда дәуіріне жататын кесенелер өте көп. Әрқайсысының құпиясын ашқымыз келеді. Бұл жерлерде мемлекеттік және саяси орталық болған деген болжам бар. Қызылоба ескерткіші ол былтыр ғана ашылған болатын. Оның Алтын Орда кезеңіне жататынын дәлелдедік, - дейді Жақсыбек Нұртаев.

тыб2.jpg

Бір айдың ішінде қазба жұмыстарымен 20-дан астам археолог маман айналыспақ. Зерттеу науқаны осымен шектелмейді. Жаз айларында Әуликөл ескерткіштері, Қызылоба мазарлары мен өзге де ескерткіштер тыңғылықты зерттелмек.

  

Өзгелердің жаңалығы