«Рухани жаңғыру» Қазақстан халқына үлкен рух берді – Наурызбай Тағанұлы

18 Қараша 2020, 16:27
2059
Бөлісу:
«Рухани жаңғыру» Қазақстан халқына үлкен рух берді – Наурызбай Тағанұлы

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, бас мүфти болып Наурызбай Тағанұлы Сенатта өткен  «Ұлттық құндылықтар – рухани жаңғырудың негізі» тақырыбына арналған дөңгелек үстелде айтты. 

Елбасының «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында осы күнге дейін құнды дүниелер жүзеге асырылды. «Рухани жаңғыру» Қазақстан халқына үлкен рух берді. Себебі әрбір ел ата-бабасының жолын іздеп, жақсы бастамаларын айтып, іске асыруға тырысты. Қзақстан мұсылмандары діни басқармасы да дін мен дәстүрдің сабақтасытығы бойынша бірнеше кітап шығарды, - деді ол.  

Наурызбай қажы Тағанұлы атап өткендей, Тәуелсіздік алғанымызға келесі жылы 30 жыл толады. 

Осы уақыт аралығында да бірқатар бастама жүзеге асырылды. «Рухани жаңғырудың» халықтың келешегіне көп үлесін тигізіп жатыр. 100-ден астам конфессия болса да, тату-тәтті өмір сүріп келеміз. «Рухани жаңғыру» бағдарламасы халықтың рухани дамуына үлкен серпіліс берді деп ойлаймын, - деді ол.  

 

Айта кетейік, отырыс барысында ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева балалар әдебиетінің әлемдік шығармаларын қазақ тіліне аударуды ұсынды.

Өзгелердің жаңалығы