Рухани жаңғыру: «Ер Едіге жырының» музыкалық альбомы таныстырылды

22 Қаңтар 2021, 15:34
1613
Бөлісу:
Рухани жаңғыру:  «Ер Едіге жырының» музыкалық альбомы таныстырылды
PHOTO
Фото: Артём Чурсинов

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Ұлттық кітапханада «Ер Едіге-Ноғайлы дәуірінің жыры» атты ғылыми-практикалық конференция өтті. 

Мәдениет және спорт вице-министрі Нұрғиса Дәуешев «Ер Едіге-Ноғайлы дәуірінің жыры» музыкалық альбомының шығуы елдің ұлттық музыка саласында елеулі оқиға екенін айтты. 

Рухани жаңғыру:  «Ер Едіге жырының» музыкалық альбомы таныстырылды

Осы дәстүр болашақта жалғасын табатынына сенімдімін. Ата-бабамыздың қалдырған мұрасын кейінгі ұрпақ ұлықтау керек, - деді ол. 

Рухани жаңғыру:  «Ер Едіге жырының» музыкалық альбомы таныстырылды

Ақтөбе облысы әкімінің орынбасары Мейрамбек Шаймағамбетов атап өткендей, «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында ұлы тұлғаларды насихаттау жүзеге асырылуда. 

Рухани жаңғыру:  «Ер Едіге жырының» музыкалық альбомы таныстырылды

Конференцияның мақсаты-тарихты зерделеу мен ұлы тұлғаларды жастарға насихаттау. Қазіргі кезде Едіге батыр жырына 600 жыл толып отыр. Оның әзірленуіне 40-тан астам еліміздің белгілі жыршысы қатысты. Ел аузында жүрген жыр-дастандар жинақталып, таспаға түсіріліп, музейге ұсынылды, - деді ол.   

Оның айтуынша, «Ер Едіге» батыр эпосы бүкіл түркі халқына ортақ болып табылады. 

Шығарылған музыкалық альбом Нұр-Сұлтан қаласының кітапханалары мен бірқатар оқу орындарына тапсырылады. Болашақта да осы сынды жырларды жинақтап, антологиясын әзірлеу жоспарланған. Әзірге жинақталған альбом 500 данамен жарыққа шықты, - деді ол. 
Рухани жаңғыру:  «Ер Едіге жырының» музыкалық альбомы таныстырылды

Айта кетейік, соңғы екі жылда Ақтөбе облысы әкімінің қолдауымен Ноғайлы дәуірі жырларының антологиясын шығару қолға алынған. 2020 жылы ҚР Еңбек сіңірген қайраткері, белгілі жырау Алмас Алматовтың жетекшілігімен «Ер Едіге – Ноғайлы дәуірінің жыры» музыкалық альбомы жарыққа шыққан.   

Рухани жаңғыру:  «Ер Едіге жырының» музыкалық альбомы таныстырылды

Жинаққа «Едіге батыр» эпосы, Мұрын жырау нұсқасындағы «Қырымның қырық батыры» және «Қарасай-Қази» дастаны ел арасында кеңінен жырланып жүрген көлемді дастандар енген.

Рухани жаңғыру:  «Ер Едіге жырының» музыкалық альбомы таныстырылды

Өзгелердің жаңалығы