Рудныйда жылу құбыры жарылды

30 Қараша 2022, 18:24
1121
Бөлісу:
Рудныйда жылу құбыры жарылды
Фото: автордан

Қостанай облысы Рудный қаласындағы жылу құбырлары сыр берді, деп хабарлайды сол өңірдегі BAQ. KZ тілшісі. 

Қазіргі таңда апатты жою жағдайы жергілікті атқарушы биліктің толық бақылауында. ​Қазіргі уақытта барлық үйлер, соның ішінде Гагарин көшесіндегі № 17 жалпы білім беретін мектеп 2 сағатқа ыстық су айналымы үшін жылыту жүйесіне қосылған, № 6 үйден № 4 үйлердің жылу құбырларындағы ақауды анықтау және себебін жою бойынша жұмыстар жүргізілуде.  

Мектептерде температура 18-20 градус, соған қарамастан  2 ауысымдағы сабақтар  қысқарады.
Бүгін, 30 қараша күні 9-шағын ауданы мен Гагарин көшесіндегі №6 және 4 үйлердің маңында диаметрі 323 мм магистральдық су құбыры жарылды. Құбырдың жарылған жері анықталды. 33 тұрғын үй, бір мектеп, бір балабақша және колледж жылу режимі бұзылмай айналымға қосылған.  Апатты қалпына келтіру кезінде ғимараттар ыстық судан ажыратылды. Апатты жою жұмыстарын «Рудный жылу желілері» ЖШС-нің жедел топтары шұғыл режимде жүргізуде, - дейді Рудный қаласы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімі таратқан ақпаратта.

Өзгелердің жаңалығы