Қазақстандық жасөспірімдер футзал командалары Рудный қаласында өткен турнир барысында төбелесіп қалды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
futsalkazakhstan жазуынша, жанжал балалар командалары арасындағы футзал турнирінде болған. Паблик мәліметіне сәйкес, Қазақстан чемпионатының U-15 санатындағы "Бәйтерек" (Орал) пен "БЖСМ-2" (Жаңаөзен) командалары арасындағы матч кезінде жасөспірімдер төбелеске барған.
Финалдық ысқырықтан кейін жеңілген Жаңаөзен командасы футзалда әлсіз екенін емес, жерде жатқанды тепкенде мықты екенін дәлелдеуден басқа ештеңе ойлап таппады. Бұл сұмдыққа бағаны федерация (мүмкін, полиция да) береді деп сенеміз, ал бұл команда жарыстардан шеттетіледі. Жерде жатқанды ұрғандарға айтарымыз: сендер командаңның, бапкеріңнің және ата-анаңның ұятысыңдар. Әсіресе ақ бас киімдегі, артынан соққы жасаған жігітке: өзің шапалақ жегенде неге қарсы ұра алмадың, неге тайқып қалдың? Батылдығың қайда кетті? – делінген видео сипаттамасында.