Рудныйда кезекте тұрған 98 отбасы үйлі болды

Кеше, 22:03
72
Бөлісу:
Рудныйда кезекте тұрған 98 отбасы үйлі болды
Фото: gov.kz

Рудный қаласында Сандригайло көшесі 59 мекен-жайында орналасқан 9 қабатты, 98 пәтерлік тұрғын үйдің ашылуы және кілт табыстау рәсімі өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Жұмыс сапарымен Рудный қаласына келген Қостанай облысының әкімі Құмар Іргебайұлы және Рудный қаласының әкімі Виктор Николаевич су жаңа пәтер иелерін қоныс тойларымен құттықтады.

9 қабатты мынау үйді азғана мерзім ішінде сапалы етіп салып, уақытылы тапсырған құрылысшыларға алғыс айтамын. Бұл бағыттағы жұмыстарды біз әрі қарай да жалғастырамыз. Тұрғын үй құрылысы тоқтамауы тиіс. 2025 жылы 1000 отбасын үйлі қылу жоспарланып отыр. Алдағы уақытта Рудный қаласында салынып жатқан модульдік конструкциялар зауытына да қолдау білдіреміз, - деді Қостанай облысының әкімі Құмар Іргебайұлы Ақсақалов

Жаңа тұрғын үй әлеуметтік санаттар бойынша мемлекеттік тұрғын үй қорының кезегінде тұрған азаматтарға берілді. Оның ішінде халықтың осал топ өкілдері, көпбалалы отбасылар және балалар үйінің түлектері баспаналы болды.

Біздің кезекте тұрғанымызға 14 жыл болды. Қызым Айсулу екінші топ мүгедегі. Қазіргі таңда екі баласы бар қызымның, немерелімін. Біз үшін мемлекеттің қолдауы өте маңызды. Бірінші кезекте осы үйдің салған құрылыс компаниясына алғыс білдіремін. Пәтер өте ұнады, іші жарық, жып-жылы. Кіргеннен бастап осы үй бізге құт-береке алып келетініне сенімді болдық. Қазір Рудный қаласының дамып, үйлер көбейіп жатқанына өте қуаныштымыз, өйткені көптен бері бұндай ауқымды құрылыстар болмаған. Құрылысшыларға мың алғыс, - деді Жумабаева Айсулудың анасы.

Одан бөлек, Құмар Іргебайұлы Пионерская 29 мекен-жайында орналасқан «Ардақ» тұрғын үйінің құрылыс барысымен танысты. Бұл үйдегі 18 пәтердің барлығы да, кезекте тұрған азаматтарға беріледі.

Айтылған нысандардың бас мердігері - нарықта 2006 жылдан бері жұмыс істеп келе жатқан компания. Соңғы жылдары олар Рудный қаласындағы ескі үйлерді жаңғыртумен және, қала келбетін әсемдейтін, жаңа тұрғын үй кешендерін салумен айналысып жатыр.

Өзгелердің жаңалығы