Рудный тұрғыны пәтерінде қарасора өсірген

23 Шілде 2022, 02:17
1503
Бөлісу:
Рудный тұрғыны пәтерінде қарасора өсірген
Фото: BAQ.KZ

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Рудный тұрғыны пәтерінде қарасора өсірген, деп хабарлайды Polisia.kz. 

Қарасора өсіруге арналған арнайы бөлмені Рудный қаласының тұрғыны жабдықтаған. 37 жастағы ер адам өсіруге тыйым салынған өсімдіктерді заңсыз өсіргені үшін ұсталды. “Қарасора 2022” жедел-алдын алу іс-шаралары барысында Рудный қаласының Полиция басқармасының қызметкерлері құрамында есірткі бар өсімдіктерді заңсыз өсіру фактісін анықтады. 

Көпқабатты үйдің пәтерінде рудныйлық арнайы бөлімде каннабистің әртүрлі сорттарының 4 бұтасын өсірген. Бірнеше үлкен кастрюльдер жылу шағылыстырғыш материалмен қоршалып, жоғарғы жағында шамдармен жабдықталған. 

Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 300-бабының 1-бөлігі (Құрамында есірткі заттары бар, өсіруге тыйым салынған өсімдіктерді заңсыз өсіру) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Аталған заттар алынды және есірткі заттарына сот-сараптамалық зерттеу жүргізілуде.

Өзгелердің жаңалығы