Әлеуметтік желілерде Қостанай облысы Рудный қаласындағы мектептерге шабуыл жасалады деген хабарлама тарады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Таратылған хабарламада қаладағы үш мектепке шабуыл жасалатыны жазылған. Сондай-ақ шабуылды жасамас үшін жалған ақпарат таратқан адамның шотына 15 млн теңге аудару керек екені де айтылған.
Фото: zakon.kz
Қостанай облысы Полиция департаменті жалған ақпарат таратқан тұлғаны іздестіріп жатқанын мәлім етті.
Құқыққорғау органдары арандатушылыққа бой алдырмауға, тек ресми ақпаратқа сенуге шақырды. Сондай-ақ осындай хабарламаларды таратпауды сұрады, - делінген хабарламада.
Айта кетейік, жыл басынан мұндай хабарламалар көп таралып кетті. Оның ішінде Павлодар облысы, Ақтөбе облысында да болды. Полиция жалған ақпарат таратқандарды тауып, олардың мектеп оқушылары екенін анықтаған болатын.