АҚШ Мемлекеттік хатшысы Марко Рубио Иранмен қақтығыстағы жеңістің басты шарты – Ислам Республикасының ядролық қару жасау мүмкіндігінен біржола айыру екенін мәлімдеді.
ТАСС агенттігінің хабарлауынша, Рубио бұл туралы Вашингтонда Америкалық федералистік қоғамда сөйлеген сөзінен кейін журналистердің сұрағына жауап беру кезінде айтты.
Оның пікірінше, Иранның ядролық қару жасауға қажетті қаржылық ресурстары мен ғылыми-техникалық жабдықтарына қол жеткізуіне жол бермеу қажет. Мемлекеттік хатшы АҚШ-тың экономикалық қысымы Иранды әлсіреткенін, сондықтан әскери әрекеттерді жалғастырудың қажеті жоқ екенін де атап өтті.
Ал Иран билігі ядролық қару жасауға ұмтылмайтынын бірнеше рет мәлімдеген.
Рубионың мәлімдемесі АҚШ пен Иран арасындағы шиеленіс жағдайында жасалды. Вашингтон бұған дейін Тегеранға қарсы әскери шаралармен қатар экономикалық қысымды күшейту бағытын ұстанатынын білдірген.