Әртістік жүзуден әлем кезеңі өтпейтін болды

<h4>Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Халықаралық су спорты федерациясы (FINA) әртістік жүзуден әлемдік турнирдің өтпейтінін мәлімдеді, деп хабарлады Olympic.kz.</h4>

 26 Сәуір 2020 2020, 15:33
26 Сәуір 2020 2020, 15:33
1671

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Халықаралық су спорты федерациясы (FINA) әртістік жүзуден әлемдік турнирдің өтпейтінін мәлімдеді, деп хабарлады Olympic.kz.

29 мамырда Испанияның Мадрид қаласында әлем кезеңінің бесінші кезеңі өтуі тиіс еді. Сонымен қатар, Канадада мамыр айында суға секіруден Гран при жоспарланған болатын. Аталған турнир белгісіз мерзімге кейінге шегерілді.

Жарыстың өтетін уақытын кейінірек хабарланады.

Наверх