Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. "Қазақфильм" киностудиясында орын алған төтенше жағдайға байланысты ҚР мәдениет және спорт министрінің қатысуымен кездесу өтті.
Министрлік өкілдерімен кездесуге Ш.Айманов атындағы "Қазақфильм" киностудиясының президенті Ақан Сатаев, Алматы қаласы әкімінің орынбасары Ержан Бабақұмаров, Алматы қаласының ІІД және ТЖД өкілдері қатысты.Кездесу барысында өрт шыққан орындарда тексеру жүргізіліп, жауапты мекемелер өкілдері өрттің пайда болуының себебі мен хронологиясы туралы баяндама жасады. ҚР Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова өртті сөндіруге қатысқан азаматтарға алғысын білдірді,- делінген киностудияның instagram парақшасында.
Айта кетейік, тамызда түнде Алматыдағы Ш.Айманов атындағы "Қазақфильм" АҚ музейінде өрт шықты. "Қазақфильм" АҚ президенті Ақан Сатаев кеше бұл өрттің әдейі жасалғаны анық деп мәлімдеген болатын.
Еске салайық, 14 тамыз, жұма күні Алматыдағы "Қазақфильм" студиясында ірі өрт болды. Осы оқиғаға қатысты Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев ресми мәлімдеме жасап, ТЖД мен полицияға өрттің себебі мен шығынын анықтауды тапсырды.
Оқи отырыңыз: