«Роза Бағланова» мюзиклі өнер сүйер қауымның зор ықыласына бөленді

12 Маусым 2022, 10:13
1274
Бөлісу:
«Роза Бағланова» мюзиклі өнер сүйер қауымның зор ықыласына бөленді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Кеше көрермен қауымға әйгілі әнші, КСРО және Қазақстанның халық әртісі, Халық қаһарманы Роза Бағланованың 100 жылдық мерейтойына арналған ерекше туынды ұсындық, деп жазды Роза Бағланова атындағы «Қазақконцерт» мемлекеттік концерттік ұйымының директоры Ақтоты Райымқұлова Facebook-тегі парақшасында. 

«Astana Musical» мемлекеттік театры сахналаған «Роза Бағланова» мюзиклі өнер сүйер қауымның зор ықыласына бөленді. Бұл – Роза Тәжібайқызының өмірі мен өнеріне арналған алғашқы мюзикл. Былтыр ғана атақты әншінің есімі берілген біздің Қазақконцерт үшін бұл мюзиклдің орны ерекше. Осы орайда көрерменге тамаша тарту жасаған театрдың көркемдік жетекшісі, режиссер Еслям Нұртазинге, өз рөлдерін жоғары деңгейде алып шыққан барлық әртістерге алғысымды жеткіземін.

Сондай-ақ біздің мерекелік іс-шаралар әрі қарай да жалғасын табады. Қазақконцертте кездескенше!, - деп жазды Ақтоты Райымқұлова.

Өзгелердің жаңалығы