Роналдудың ұшағы қақтығыстың өршуіне байланысты Сауд Арабиясынан ұшып кетті

Футболшының ұшағы Эр-Риядтан ұшып шығып, Мадридке бағыт алған.

 Instagram/Cristiano Бүгiн 2026, 17:20
Бүгiн 2026, 17:20
214
Фото: Instagram/Cristiano

The Sun басылымының хабарлауынша, аймақтағы жағдайдың ушығуына байланысты Криштиану Роналдудың жеке ұшағы түнде Сауд Арабиясынан ұшып кеткен, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі. 

Басылымның мәліметінше, футболшының ұшағы Эр-Риядтан ұшып шығып, Мадридке бағыт алған.

Сонымен қатар, БАҚ беттерінде бортта футболшы мен оның әйелі Джорджина Родригес және балалары болған-болмағаны әзірге белгісіз екенін жазуда.

Сондай-ақ, The Sun ұшақтың әуеге көтерілгенін рейстерді бақылау сервистері тіркегенін жазады.

Бұл оқиға Сауд Арабиясының астанасындағы дипломатиялық инфрақұрылым нысандарына ұшқышсыз ұшу аппараттарымен (дрондармен) шабуыл жасалғаны туралы хабарлар тараған тұста орын алған.

Еске салайық, бұған дейін Ирандағы шиеленіске байланысты ҚР СІМ ел азаматтарына қауіпсіздік шараларын күшейтуді ұсынған болатын. 

Наверх