Роналду «Манчестер Юнайтед»-тен кетпейтін болды

Роналду «Манчестер Юнайтед»-тен кетпейтін болды
409

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. «Манчестер Юнайтед» командасының шабуылшысы Криштиану Роналду жазғы трансферттік терезе кезінде командадан кетпейтін болды. Бұл туралы ESPN телеарнасы хабарлады. 

Белгілі болғандай, клуб өкілдері футболшыға биыл жазда клуб оны жібермейтінін айтқан. «Манчестер Юнайтед» Роналду командада қалатынына үмітті. Жаңа бас бапкер Эрик тен Хаг та оның ойынды жалғастырғанын қалап отыр. 

Ал кейбір дереккөздер Роналду өз мәнсабын Чемпиондар лигасында жалғастырғысы келетінін айтқан. Оның үстіне, осы жазда әлі бірде-бір келісімшартқа қол қоя алмаған «Манчестер Юнайтедтің» қауқарына күмәнданып отыр.

Еске сала кетейік, былтыр тамыз айында «Манчестер Юнайтед» туриндік «Ювентуспен» португиялық футболшы Криштиану Роналдудың ауысуы туралы келіскен болатын.  


Фото: ашық дереккөз