Роналду Instagram-да 250 млн жазылушысы бар әлемдегі бірінші адам

3 Қаңтар 2021, 12:10
1739
Бөлісу:
Роналду Instagram-да 250 млн жазылушысы бар әлемдегі бірінші адам

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Португал футболшысы әлеуметтік желідегі оқырмандар саны бойынша көптен бері көш бастап тұр.

«Ювентус» пен Португалия құрамасының шабуылшысы Криштиану Роналду Instagram-да 250 миллион оқырман жинады.

35 жастағы форвардтан да көп оқырманы бар парақша Instagram желісінің ресми беті ғана. Онда 382 миллион жазылушы бар.

Instagram-дағы екінші ең танымал аккаунт – америкалық әнші Ариана Гранденің парақшасы (214 миллион жазылушы). Сондай-ақ, үздік үштікте актер және бұрынғы палуан Дуэйн Джонсонның аккаунты тұр (209 миллион жазылушы).

Жақында Роналду Globe Soccer басылымы бойынша XXI ғасырдың үздік ойыншысы деп танылды.

Өзгелердің жаңалығы