Роналду Гиннестің рекордтар кітабына енді

Бүгiн, 02:26
151
Бөлісу:
Роналду Гиннестің рекордтар кітабына енді
Фото: sports.kz

Әлемдегі ең жақсы шабуылдаушылардың бірі португалдық Криштиану Роналду өзінің YouTube арнасына 24 сағат ішінде 19 729 827 адам жинап Гиннестің рекордтар кітабының беттеріне ресми түрде кірді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Португалия құрамасы мен Сауд Арабиясының "Әл-Наср" клубының жетекшісі Криштиану Роналду 24 сағат ішінде 19 729 827 адаммен YouTube – те жазылушылар саны бойынша жаңа әлемдік рекорд орнатты.

21 тамызда атақты футболшы өзінің YouTube арнасының іске қосылғанын жариялады. Бұл жаңалық шыққаннан кейін бір жарым сағат ішінде арнаға миллион адам тіркелген.

Бүгінде Роналдуның каналында 50 миллионнан астам жазылушы бар.

Ал форвардтың өзі 29 тамызда УЕФА Чемпиондар лигасы тарихындағы үздік бомбардир ретінде УЕФА президенті Александр Чефериннің арнайы сыйлығымен марапатталады.

Өзгелердің жаңалығы