«Романтикалық кеш»: Астанада қыздар 45 азаматты алдап кетті

Астанада танысу сайттары арқылы азаматтарды алдап келген қыздар тобы әшкереленді.

 pixabay Кеше 2026, 19:32
Кеше 2026, 19:32
420
Фото: pixabay

Астанада танысу сайттары арқылы азаматтарды алдаған қыздар тобы сотталды. Олар романтикалық кездесу сылтауымен 40-тан астам адамды тақырға отырғызып, жалған пәтер үшін ақша жинаған, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі. 

Белгілі болғандай, бір топ қыз алаяқтық жүйе ұйымдастырған. Олар танысу сайттары арқылы жәбірленушілермен танысып, қарым-қатынасты жалғастыру үшін жалға алынған пәтерде кездесуді ұсынған.

Кейіннен олар Астана қаласында пәтерді жалға беру туралы хабарландырулар орналастырып және тартымды интерьердің фотосуреттерін тіркеп, алдағы уақытты бірге өткізу үшін пәтерді бір тәулікке жалға алуды ұсынған.

Олардың әрекеттерінің нәтижесінде 45-тен астам жәбірленуші жалпы сомасы шамамен 620 мың теңгені құрайтын қаражатты жалған пәтер үшін аударған. Ақшалай қаражатты иемденген соң, кінәлі тұлғалар жәбірленушілермен хат алмасуды тоқтатып, олардың нөмірлерін бұғаттап отырған. Сот үкімімен олардың кінәні мойындауы және материалдық залалды өтеуі ескеріліп, үш қызға 3 жылдан 3 жыл 6 айға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалып, пробациялық бақылау белгіленіп, мәжбүрлі еңбекке тартылды, - деп хабарлады Астана қаласы прокуратурасының баспасөз қызметі. 

Үкім заңды күшіне енді.

Еске салайық, бұған дейін Шымкентте үлгерімдерін жақсартпақ болған студенттер алаяқтарға алданды

Наверх