Роман Склярға "Қорқыт Ата әуежайының" жаңа терминалы таныстырылды

14 Ақпан 2025, 17:00
328
Бөлісу:
Роман Склярға "Қорқыт Ата әуежайының" жаңа терминалы таныстырылды
PHOTO
Фото: Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі

Премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Склярды аймақ басшысы Нұрлыбек Нәлібаев «Қорқыт Ата әуежайының» жаңа терминалының жұмысымен таныстырды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Роман Склярға "Қорқыт Ата әуежайының" жаңа терминалы таныстырылды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлының тапсырмасымен, Қазақстан Республикасының Премьер-министрі Олжас Абайұлының қатысуымен 2024 жылы 12 қарашада  «Қорқыт Ата әуежайының» жаңа терминалы ашылды.  Жобаны іске асыруға «Болат Өтемұратов қоры» 16,6 млрд теңге инвестиция салды, жергілікті бюджеттен инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымға 4,3 млрд теңгеден астам қаражат бөлінді,–  деді Н.Нәлібаев.

Әуе айлағының өткізу мүмкіндігі 7 есе, яғни жылына 300 мыңнан 2 млн жолаушыға дейін артты. Жаңа терминал Халықаралық әуе көлігі қауымдастығының (IATA) және Халықаралық азаматтық авиация ұйымының (ICAO) жоғары стандарттарына сәйкес келеді.

Роман Склярға "Қорқыт Ата әуежайының" жаңа терминалы таныстырылды
Роман Склярға "Қорқыт Ата әуежайының" жаңа терминалы таныстырылды
Роман Склярға "Қорқыт Ата әуежайының" жаңа терминалы таныстырылды

Бүгінде «Қорқыт Ата әуежайы» арқылы «AirAstana», «Fly Arystan» және «Qazaq Air» әуе компаниялары аптасына  26, атап айтқанда Астана қаласына 16, Алматыға 10 рейс орындауда.

Роман Скляр жаңа терминал аймақтың әлеуметтік-экономикалық дамуына, сауда-саттық көлемінің өсуіне оң септігін тигізетінін айтты.

Роман Склярға "Қорқыт Ата әуежайының" жаңа терминалы таныстырылды
Роман Склярға "Қорқыт Ата әуежайының" жаңа терминалы таныстырылды
Роман Склярға "Қорқыт Ата әуежайының" жаңа терминалы таныстырылды
Өзгелердің жаңалығы