Роман Скляр ТЖ зардаптары толық жойылғанға дейін Екібастұзда болады

3 Желтоқсан 2022, 15:05
1952
Бөлісу:
Роман Скляр ТЖ зардаптары толық жойылғанға дейін Екібастұзда болады

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Роман Скляр қалалық жылу желілеріндегі апаттың салдарын жою жөніндегі жұмыстарды бақылау үшін Екібастұзда болады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бұл туралы Үкіметтің ресми сайты жазды. 

Жұмысты үйлестіріп, шұғыл шешімдер қабылдау үшін вице-премьер тұрақты түрде арнайы штаб отырыстарын өткізеді. Қазіргі уақытта қалпына келтіру жұмыстарына барлығы 50-ден астам техника тартылды.  36 бригада (261 адам)  жұмыс істеп жатыр. 

Роман Скляр ТЖ зардаптары толық жойылғанға дейін Екібастұзда болады

3 желтоқсандағы сағат 12:00-дегі жағдай бойынша 76 үйдің 48-де жұмыс аяқталды, тағы 28 үй бойынша тиісті жұмыстар жалғасуда.

Роман Скляр ТЖ зардаптары толық жойылғанға дейін Екібастұзда болады

Сонымен қатар қала тұрғындары үшін бұрынғыша 14 жылыту пункті  жұмыс істеп тұр.

Роман Скляр ТЖ зардаптары толық жойылғанға дейін Екібастұзда болады
Роман Скляр ТЖ зардаптары толық жойылғанға дейін Екібастұзда болады

Қалпына келтіру жұмыстарының барысы – Үкімет пен жергілікті атқарушы органдардың бақылауында. Роман Скляр ТЖ зардаптары толық жойылғанға дейін Екібастұзда болады.

Роман Скляр ТЖ зардаптары толық жойылғанға дейін Екібастұзда болады
Роман Скляр ТЖ зардаптары толық жойылғанға дейін Екібастұзда болады
Өзгелердің жаңалығы