Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгін УЕФА Чемпиондар лигасының алғашқы іріктеу кезеңінде Румынияның ЧФР Клуж командасы мен Қазақстанның «Астана» клубтары қарымта кездесу өткізеді.
Осы ойынның алдында «Астана» командасының бас бапкері Роман Григорчуктың қатысуымен баспасөз жиыны өтті.«Біз алғашқы ойын алдында Румыния командасының мүмкіндігі қаншалықты екенінен білген едік. Ал қарымта кездесу алдында одан да көп ақпарат жинай алдық. Бірақ Петреску бапкер футболда ештеңеден қорықпайды деп ойлаймын. Ол өз еңбек жолында көпті көрген маман»,- дейді Роман Григорчук.