Қытайлар робот-мысықты ойлап тапты

31 Желтоқсан 2019, 14:04
6489
Бөлісу:
Қытайлар робот-мысықты ойлап тапты
VIDEO

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қытайлық Elephant Robotics компаниясы MarsCat робот-мысықты жасап шығарды. 

Бұл туралы New Atlas хабарлады.

Мысық үй ішінде еркін жүріп, кәдімгі мысықтың іс-әрекеті мен эмоцияларын қайталайды. 

Қытайдың Elephant Robotics компаниясының MarsCat мысығы моторландырылған 16 буынның көмегімен жүреді, - делінген хабарламада.

Робот-мысық жай жүріп қана қоймай, ойнайды, ұйықтайды.


Механизацияланған жануарға камера, микрофон, динамик, Raspberry Pi микропроцессоры, сонымен қатар 6 жанасу датчиктері орнатылған.

Қондырылған технологияның арқасында робот-мысық ойыншықтар мен алдындағы кедергілерді көре алады. Бұдан бөлек, иесінің командаларын орындайды. 

Уақыт өте келе мысықтың мінез-құлқы адамның оған деген қарым-қатынасына қарай өзгере бастайды.

Мысықтың өзіндік қасиеттері де бар. Ол оның құлшынысы, немқұрайлығы, энергиясының көптігі, жалқаулығы, адаммен араласуға құштарлығы мен ұялшақтығы.

Қазір компания аталмыш роботтың жасап шығарылуын жандандыру мақсатында ақша жинап жатыр. Elephant Robotics компаниясы 649 доллар қайырымдылық жасағандарға "электромысықтың" бір данасын жіберуге уәде етуде.

Механизацияланған жануардың құны 1299 долларды құрайды.
 

Өзгелердің жаңалығы