Нұр-Сұлтан әуежайында ақша толы сөмке ұрланды

14 Ақпан 2020, 16:31
6615
Бөлісу:
Нұр-Сұлтан әуежайында ақша толы сөмке ұрланды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Көлік полицейлері "Атырау-Нұр-Сұлтан" әуерейсінің жолаушысынан 2500 АҚШ доллары мен 200 мың теңге ұрлаған Қарағанды облысының тұрғынын ұстады.

2019 жылғы 24 желтоқсанда Нұр-Сұлтан қаласы Халықаралық әуежайындағы Желілік полиция бөліміне "Скат" әуе компаниясының "Атырау-Нұр-Сұлтан" бағытындағы әуе рейсінің 66 жастағы жолаушысы шағымданып келген.

Оның айтуынша, жүк бөлімшесінде белгісіз тұлға оның жеке заттары мен 2500 АҚШ доллары және 200 000 теңге көлеміндегі ақша қаражаты салынған жүгін ұрлап кеткен. 

Сондай-ақ, ол жүктің Нұр-Сұлтан қаласына ұшып келгенде жоғалып кеткенін айтқан. Сол күні-ақ көлік полицейлері ҚР Қылмыстық кодексінің 188-бабының 3-бөлімі ("Ірi мөлшерде жасалған ұрлық") бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдарын басталған. 

Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында елордалық әуежайдың Желілік полиция бөлімінің криминалдық полиция қызметкерлері осы рейспен ұшып келген жолаушыны анықтап, ұстады. Ол Қарағанды облысының 26 жастағы тұрғыны болып шықты. Қаскүнем тасымалдағыш багаж лентасында жәбірленушіге тиесілі заттар мен ақшаларды жасырын ұрлап кеткендігін мойындады. Ұрланған заттар мен ақша тәркіленіп, иесіне қайтарылды, - делінген хабарламада.

 

Нұр-Сұлтан қаласы Есіл аудандық №2 сотының үкімімен азамат қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танылып, оған 3,6 жыл мерзімге бостандығын шектеу түріндегі жаза тағайындалды.



Өзгелердің жаңалығы