Мәжілісмен Ринат Зайытов «алаяқтықтың 80 пайызын намаз оқитындар жасайды» деген мәлімдемесінен соң арыз-шағым түскенін мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
«Желіде қызу талқыға түскен пікіріңізден тайған жоқсыз ба? Өз ұстанымыңызда қаласыз ба?» деп сұрады тілшілер депутаттан.
Бұл туралы әлеуметтік желіде де жаздым. Егер өз ұстанымнан таятын болсам, бірінші болып сіздер еститін боласыздар, - деп жауап берді Ринат Зайытов Мәжілістің кулуарында журналистерге берген сұхбатында.
«Бұл жағдайдан кейін Мәжілісте сіздің этикаңызға қатысты мәселе қаралды ма?» деп сұрады БАҚ өкілдері.
Иә, шағымдар, арыздар болды. "Дисциплинарлық" топ та құрылды. Нақты шағымға өзім жауап бердім. Қалыпты жағдай ғой, - деді депутат.
Еске сала кетейік, бұған дейін Ринат Зайытовтың «алаяқтардың 80%-ы намаз оқитындар» деген пікірі қоғам талқысына түскен еді.