Ринат Зайытов: «Масс-медиа туралы» заң журналистерді Үкіметке жығып беру үшін керек пе?

19 Маусым 2023, 16:09
1118
Бөлісу:
Ринат Зайытов: «Масс-медиа туралы» заң журналистерді Үкіметке жығып беру үшін керек пе?
Фото: Арман Мухатов - архив

Депутат Ринат Зайытов Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі Қанат Ысқақовтан «Масс-медиа туралы» заң не үшін керек екенін сұрады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Мына заң бізге не үшін керек болып отыр? Журналистерді Үкіметке жығып беруге ме әлде шынымен де журналистердің мәртебесін өсіруге ме? Бірақ бұл сұраққа тікелей нақты жауап бере алмайтыныңызды білемін. Сондықтан ол сұрақты айналдырып қояйын... Біз қазір журналистердің әлеуметтік және басқа да мәселесін айтып отырмыз. «Тәуелсіз журналист» қайда қалады? Қазір өзін тәуелсіз журналист деп жариялап жүрген жүздеген мың аудиториясы бар адамдар бар. Ал енді заң осы бетте қабылданды делік. Сонда олардың (тәуелсіз журналист – ред.) не болмақ? Оларды жауып тастайсыздар ма? Бірдеңе тауып соттай ма? Солардың ақпаратына құлақ асып отырған миллион адамды қайда жібереміз? «Тәуелсіз журналист» деген ұғымды басқаша қалыптастырудың мүмкіндігі қарастырыла ма?, – деп сұрады депутат Ақпарат министрлігінен.

Сонымен қатар Ринат Зайытов министрлікке қазақ тілін дұрыстауға қатысты ұсыныс айтты.

Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі Қанат Ысқақов екінші сұрақты ведомство қолға алатынын жеткізді.

Біз, министрлік, мен тәуелсіз журналист па, мемлекеттік БАҚ-тың журналисі ме, бөлмейміз. Біз неге мемлекеттік арналарда істейтін журналистерді кемсітеміз? Біз үшін журналистердің бәрі тең. Барлығынан тең талап етеміз және тең мүмкіндік беруге дайынбыз, - деп айтты вице-министр.

Өзгелердің жаңалығы