Депутат Ринат Зайытов жеке басының демалысын қалай жоспарлап отырғанын айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Депутат Парламент палаталарының бірлескен отырысынан кейін журналистердің сұрағына жауап берді.
«Қай елге жолдама алдыңыз? Жеке бастың демалысын қалай жоспарлап отырсыз?», - деп сұрады журналистер.
Шетелге ме? Менде ондай жоқ. Мен ары кетсе, Алакөлге барамын. Бұрын шетелге шығатынмын. Бір әулеттің шетелге барып-келуі үшін кемінде 2-3 млн теңге керек. Бұрын табыстың ауқымына қарай баруға мүмкіндік болды. Қазір өзіміздің туризм де жақсы деңгейде дамып келе жатыр, - деп жауап берді депутат.
Ринат Зайытов халықпен кездесу үшін Абай облысына ат басын бұратынын айтты.
Еске сала кетейік, бүгін сегізінші сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті бірінші сессиясы жабылды. Енді депутаттар өңірлерді аралап, халықпен кездеседі.