Мәжіліс депутаты Ринат Зайытов комитеттің отырысында баланың телефон ұстауына шектеу қою керегін айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Ата-ана бала тәрбиесіне неге араласпайды? Бұл сұрақты бұған дейін де көтеріп жүрміз. Өкінішке қарай, бұл проблема мемлекеттен шығып отыр. Өйткені проблеманың бірінші бастамасы – үшауысымды мектептерден, балаларға үй тапсырмасы көп берілгендіктен ата-ананың кешке баламен айналысуға уақыты мүлде жоқ. Ата-ана чатта отырып, бала-шағасының сабағын оқиды. Сонымен миы ашып, кешке баласының қолына телефонын беріп, «менен аулық жүрші» дейді. Өйткені ата-ана әлеуметтік мәселеге жауапты, ақша табуы керек, баланы өсіріп, киіндіруі керек, - деді ол.
Сөзінше, «неге араласпайды?» деген сұрақтың жауабы - осы.
Сіздердің (Оқу-ағарту министрлігі – ред.) жоспарларыңызда мүлде нақтылық жоқ. Мынаны қайта қарау, мынаны қайта даярлау... Қанша уақыт кетеді? Ал қазір қандай нақты іс-шаралар қабылданады? Жоспарда бұл түсініксіз, - деп айтты Ринат Зайытов отырыста.
Мемлекетте әлеуметтік теңдіктің нышандарын орнату қажет. Мысалы, мектеп формасы.
Тіпті баланы мектепке телефонсыз кіргізсе, қуанар едік. Баланы оқшаулау керек. Қажет болса, баланың ұстаған телефонының маркасынан бастап, қалтасындағы ақшасына дейін шектеу қою керек. Проблеманың бәрі осыдан туындайды. Біреу-біреудің телефонына қызығады, - деп түсіндірді депутат.