Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Ринат Зайыт жастар әскерден не себепті қашатынын айтты

Гүлжан РАМАНҚҰЛОВА
25 Маусым 2025, 13:16
2913
Бөлісу:
 BAQ.KZ  - архив/ Арман Мухатов
VIDEO
Фото: BAQ.KZ - архив/ Арман Мухатов

Мәжіліс депутаты Ринат Зайыт каникулдан кейін қандай мәселені қолға алатынын айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Ең үлкен ойым – қорғаныс саласындағы қазіргі патриоттық деңгей мәселесін көтеру. Өйткені әскердегі болып жатқан жағдай, жалпы әскердегі патриоттық қалпымыз өте төмен, өте нашар. Ешқандай жұмыс атқарылмаған. Осы ретте партиялармен ақылдасып, біраз ұсыныстар енгіземіз, - деді ол.

Депутаттың пайымдауынша, Қорғаныс министрлігі әскерді, сарбазды атуға, техниканы жүргізуге, шабуылды қалай қайтаруды оқытуы керек. Ал баланың кішкентайынан бастап патриоттық сезімін көтеру – Оқу-ағарту министрлігі мен Мәдениет және ақпарат министрлігінің тікелей жұмысы.

"Отан деген не?" деген бір шумақ тақпақ жаттамаған бала әскерден қашпағанда не істейді?! Оған қоса, оның күнделікті алып жатқан ақпараты "әскерде анау өлді", "әскерде мынау өлді" болды. Осыдан кейін қайдан патриот болады? Себебі кішкентайынан бастап әлеуметтік желілерден алып жатқан ақпараты патриоттыққа еш қатысы жоқ. Сол себепті Қорғаныс министрлігі патриоттық тәрбиемен айналысуға міндетті деп ойламаймын. Оның өзінің жеке міндеті бар, - дейді ол Мәжіліс кулуарында.

Өзгелердің жаңалығы