Рим папасы соғыс болып жатқан елдерге алаңдаушылық білдірді

14 Қыркүйек 2022, 18:50
1100
Бөлісу:
Рим папасы соғыс болып жатқан елдерге алаңдаушылық білдірді
Фото: автордан

Рим папасы Франциск қасиетті месса барысында айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Мен соғыс болып жатқан көп жер туралы уайымдаймын. Әсіресе, Украина мені алаңдатады. Соғысқа қалыпты жағдай ретінде қарауды болдыртпау керек. Оны болдырмауға тырысу керек. Соғыстан жапа шеккендерге көмектесуге асық болуымыз керек. Бейбітшілікке әкелуге үлес қосуымыз керек. Конфрантацияның орнына диалог келгенше қанша адамның өмірі қиылуы керек? Оның бір жолы-келісім. Келісімгге тек диалог қана әкеледі,- деді ол.

Рим папасы Кавказ өңірінндегі соғыстың тұтанғанына алаңдаушылық білдірді.

Бұл аймақтардағы жанжалды келісімнің жеңуіне дұға жасайық. Соғысқа кеткен қаржыны халықты қолдауға бағыттау керек. Осыған сенетіндерге алғыс айтамын,- деді Рим папасы.

Қасиетті месса 2 сағатқа созылды. Осыған дейін Рим папасы Діндер съезінің отырысына қаатысты. 

Ватиканның басшысы, Рим Папасы Франциск адам табиғи жаратылыс екенін айтты. 

Рим папасы пандемиядан кейінгі діннің рөлі қандай деген сұрақ ойландыратынын айтты. 

Пандемия төрт проблеманың ішіндегі негізгісі болып қалып отыр. Назарды соған аударғым келеді. Бұл бізге, діннен барынша бірігуді қажет етеді. Біз Абай айтқандай, біз мәңгілік емеспіз. Біз барлығымыз осалдығымызды сезіндік. Көмексіз екенімізді ұғындық. Ешкім де бұл тұрғыдан тәуелсіз бола алмайды. Жеке дербес бола алмайды. Сондықтан бұл мәселе адамдар арасындағы ынтымақтастықты қажет етеді. Біз бұл жолда одан әрі қозғалуымыз керек. Жария түрде барлық проблеманы бірге шешуіміз керек. Сондықтан дінге бейтарап қарамауға тиістіміз. Олардың алдындағы бірлік-сынақтардың алдындағы бірлік, - деді Рим папасы. 

Өзгелердің жаңалығы