Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің VII съезінің жалпы отырысында Рим Папасы Франциск кез келген діни сенімді бұзатын кесірді атады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Бауырлар мен қандастар, бізге таза ойлы, діни сауатты діни рух қажет. Фундаментализмнен ояну уақыты келді. Олар кез келген діни сенімдерді бұзуға бейім. Олар бізге зардап алып келеді. Сондықтан тарихи кітаптарды ақтарып, ұзақ уақыт бойы күмән тудырған ойлардан арылу қажет, - деді понтифик.
Еске сала кетейік, осыған дейін Рим папасы елімізде үлкен сауда жолдарының болғанын атап өткен еді. Рим Папасы Қазақстанның ғасырлар бойы үлкен керуен жолдарында тұрғанын, Жібек жолының арқасында көптеген хикаялар, идеялар, нанымдар тоғысқанын айтқан болатын.