Риддердегі жағдайды реттеуге қанша теңге қажет? Даниал Ахметов жауап берді

19 Сәуір 2023, 13:19
731
Бөлісу:
Риддердегі жағдайды реттеуге қанша теңге қажет? Даниал Ахметов жауап берді
Фото: eurasiancommission.org

Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметов Риддердегі жылу электр орталығына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Үкіметте Президенттің төрағалығымен еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуы жөнінде кеңес аяқталғаннан кейін облыс әкімі Даниал Ахметов журналистердің сұрақтарына жауап берді.

Бүгінгі күні Риддердегі жағдай айтарлықтай күрделі, өйткені орталықтың жаңа қожайындары немқұрайлық танытқан.

Наурыздан бастап олар мазут, көмір, жұмысшылар мен техникалық қызмет көрсету қызметкерлерінің жалақысын төлеуді тоқтатты. Біз тиісті шаралар қабылдадық. Атап айтқанда, біз бұл станцияны көмірмен, мазутпен және басқа жабдықтармен қамтамасыз етеміз. Күн сайын станция басшылығы немесе орынбасарларына, бөлім бастығы, кей жағдайларда маған станцияның техникалық жағдайы бүгінгі күні тиісті деңгейде ұстауға мүмкіндік беретін бірқатар жедел шешім қабылдауға тура келеді. Біз әлі күнге дейін қолданылып жүрген «тиімсіз заңдардың тұтқынындамыз». Десе де біз не істеу керегін және оны қалай жасау керегін білеміз, бірақ бұл нысанды коммуналдық меншікке қайтара алмаймыз, - деді облыс әкімі Ахметов.

Оның айтуынша, Президенттің, Үкіметтің, Парламенттің тапсырмасына сәйкес энергетика нысандарын мемлекет меншігіне алу туралы заң әзірлеу жоспарланып отыр.

Бұл өте тез болады деп үміттенемін. Содан кейін, әрине, биыл қыркүйек-қазан айларында станцияның тұрақты жұмысын қамтамасыз ететін барлық шараны қабылдаймыз, - деді ШҚО басшысы кулуарда.

Әкімнің айтуына қарағанда, жөндеу жұмыстарына 8 миллиард теңге қажет.

Өзгелердің жаңалығы