Риддерде ЖЭО-ның жылыту маусымына дайындығы тек қағаз жүзінде тексерілген

10 Желтоқсан 2022, 12:05
1302
Бөлісу:
Риддерде ЖЭО-ның жылыту маусымына дайындығы тек қағаз жүзінде тексерілген

Бұл туралы қалалар мен аудандардың әкімдерінің қатысуымен өткен кеңесте айтылды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Оған Энергетика министрлігі Атом және энергетикалық қадағалау және бақылау комитетінің аумақтық департаментінің өкілі қатысты.

Осы жылдың сәуір айынан қыркүйекке дейін осы ведомствоның мамандары Риддер жылу электр орталығында болмағанына назар аударғым келеді. Алайда 15 қыркүйекте бейінді министрлікке хат жолдады, онда станцияның жылу маусымына толық дайындығы туралы хабарлады, - деді ШҚО әкімі Даниал Ахметов.

Дабыл қағудың, прокуратураға жүгініп, жабдықтың ауыр жағдайы жылу маусымының бұзылуына әкелуі мүмкін деп айтудың орнына, комитет өкілдері бірнеше әкімшілік айыппұлдар жазумен ғана шектелген.

Бүгінде Департамент Риддер ЖЭО басшылығы 4 және 5 қазандық агрегаттарының жөнделгені туралы хат жолдап, сондай-ақ бақылау-өлшеу аспаптары және автоматика жабдығы бар қалқан өрті туралы ақпаратты жасырып, оларға теріс ақпарат жолданғанын мәлімдейді. Осылайша, ведомство жұмысқа деген өздерінің дәрменсіздігімен немқұрайлылығын танытып отыр. Өзге энергетикалық объектілерді қалайша тексеріп, баға беретіні күмән тудырады. Олар өздерінің әрекетсіздігінен бүкіл қаланы қыс мезгілінде қатып қалу қаупіне ұшыратты. Мұндай немқұрайлы шенеуніктер мемлекеттік қызметте болмау керек деп санаймын, - деді жиында аймақ басшысы.

Өзгелердің жаңалығы