Депутат Олжас Құспеков Мәжілістің жалпы отырысында Қорғаныс министрі Руслан Жақсылықовқа әскери міндеттілер мен қызметшілер жайлы сұрақ қойды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Сіздер әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы заңға резервтегі әскери адам ұғымын енгізуді және оны резервтегі әскери қызмет өтетін әскери қызметші ретінде белгілеуді ұсынып отырсыздар. Сонымен қатар жұмылдыру дайындығы және жұмылдыру туралы заңға түзетуге сәйкес, резервтегі адам резервте әскери келісімшарт өтуді жасасқан әскери міндетті. Мұндай әркелкілік резервтегі адам ұғымын екіжақты ұығмға алып келеді. Резервтегі адам әскери қызметші бола ма, әлде әскери міндетті бола ма? - деді Құспеков.
Қорғаныс министрі Руслан Жақсылықов терминология күрделі екенін, ол бірінші рет енгізіліп отырғанын айтты.
Әскери міндетті – елдің кез келген азаматы. Белгілі бір уақытқа дейін. Жедел қызмет әскери қызметтің шекті жасы 50 болса, офицерлердікі 60 жасқа дейін болады. Резервтегі әскери қызметші ҚР Қарулы күштерімен резевте қызмет етуге келісім жасасқан азамат. Демек ол резервтегі әскери қызметші болып есептеледі. Оған заңның барлық нормалары жүреді, - деді Руслан Жақсылықов Мәжілісте депутаттың сұрағына жауап беріп.