"Резервтегі әскери адамға" қандай жағдай жасалады

Бөлісу:
"Резервтегі әскери адамға" қандай жағдай жасалады
Фото: - Архив

Мәжіліс депутаты Ермұрат Бәпи "резервтегі әскери адамға" заң аясында қандай әлеуметтік қолдау көрсетілетінін түсіндірді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Депутаттар заң жобасын қарағанда әскери резервшілердің еңбек қатынастары мен әлеуметтік қамсыздандырылуына қатысты түзетулер енгізген.

Ермұрат Бәпидің сөзінше, депутаттар түрлі ақшалай төлемдерді (әскери қызмет өткеру кезінде алған жарақаттары үшін өтемақы төлемдері, мүгедектігі бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы және т. б.), заттай және азық-түлікпен қамтамасыз етуге, әскери резервистке медициналық қызмет көрсетуге, жұмыс істейтін әскери резервистің еңбек қатынастарына қатысты нормаларды ұсынған.

Сонымен қатар әскери резервшілердің міндетті әлеуметтік медициналық сақтандырылуына аударымдар мен жарналарды реттейтін нормалар енгізді.

Сондай-ақ депутаттар әскери құқық бұзушылық субъектісі ретінде резервтегі әскери адамның қылмыстық жауаптылығына қатысты түзетулер енді. Одан басқа, Шекара қызметі мен Ұлттық ұланның қызметін реттейтін заңнамаға осы күш құрылымдарының резервінде әскери қызмет өткеруге мүмкіндік беретін толықтырулар бар, - деп айтты ол.

Депутаттар заң жобасын екінші оқылымда қарап, құжатқа Сенатқа жолдады.

Еске сала кетейік, бұған дейін Қазақстанда 2025 жылдан бастап резервтік қызмет енгізілетінін жаздық.

Өзгелердің жаңалығы