Рейтинг: Қай елдерде еркектік гормон жоғары?

9 Қыркүйек 2023, 16:05
5267
Бөлісу:
Рейтинг: Қай елдерде еркектік гормон жоғары?
Фото: instagram.com/jasonstatham

Қай елдің ерлерінде еркектік гормон жоғары? World Population Review қызықты дерек жариялады. Рейтинг бойынша алдыңғы орында Моңғолия ерлері көш бастады. Кейін Эфиопия және Нигерия азаматтары. Өкінішке қарай бұл қатарда Қазақстан жоқ, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

World Population Review ұйымы қай елдерде тестостерон деңгейі ең жоғары екенін анықтау үшін бірқатар факторды ескергенін айтады.

Дегенмен бұған жалпылама баға беру қиын. Өйткені нақты көз жеткізу үшін түпкілікті тестілеу өткізу қажет. Әйелдердің белгілі бір тестостерон деңгейі болады, ал ерлер арқылы ел бойынша тестостерон деңгейін қаншалықты екені зерттеледі.

Простата обыры - бұл ауру арқылы зерттеушілер әр елдегі тестостеронын жайын біледі. Тестостеронның жоғары деңгейі простата обыры әкелуі ықтимал. Сол себепті де азиялықтарда бұл қатерлі ісікке шалдығуы еуропалық және америкалық еркектермен салыстырғанда аз.

Бұл - америкалық және еуропалық ерлерде азиялықтарға қарағанда тестостерон деңгейі жоғары екенін көрсетуі мүмкін.

Дамыған елдерде неге тестостерон деңгейі жоғары?

Тестостерон экономикалық тұрғыда жақсы дамыған елдерде жоғары. Мәселен, АҚШ әлемдегі ең жоғары тестостерон деңгейіне ие деп айтылып келеді. Мамандардың айтуынша, кейінгі орында Швеция, Тринидад пен Тобаго елдерінде де бұл көрсеткіш жоғары. Бұл қатарда Жапония да бар.

Жалпы, жапондардан бөлек Азия елдеріндегі ер адамдарда тестостерон төмен. Бұл олардың дене бітіміне, сондай-ақ олар күнделікті әрекетіне байланысты болуы мүмкін. Ал, жалпы табиғи дененің оған ешқандай қатысы жоқ.

Адам денесіне май жинағанда оның тестостероны төмендейді, өйткені басқа гормондар салмақтың өсуін қолдайды.

Тестостерон деңгейіне әсер ететін факторлар

Жұмыс түрі мен аймақтағы жағдайларда қарап тестостерон деңгейінің болжауға болады. Кеңседе немесе кассир болып істейтін жұмыста, сонымен қатар фермаларда немесе зауыттарда ауысыммен жұмыс істейтін ер адамдарда тестостерон аз болуы мүмкін.

Тестостерон деңгейі ең жоғары 10 ел:

1. Моңғолия

2. Эфиопия

3. Нигерия:

4. Пәкістан

5. Египет

6. Ресей

7. Сауд Арабиясы

8. Польша

9. Қырғызстан

10. Судан

Бұл рейтингте АҚШ 45-ші, Түркия 37 ал Қазақстан 59-шы орынға тұрақтаған.

Өзгелердің жаңалығы