Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Рейтинг: Димаштың әні ең көп тыңдалған 100 композиция қатарына енді

9 Сәуір 2025, 04:21
772
Бөлісу:
 dimashnews.com.
Фото: dimashnews.com.

Әнші Димаш Құдайбергеннің орындауындағы «Love’s Not Over Yet» әні ең көп тыңдалған 100 әннің қатарына енді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Әлемнің түкпір-түкпірінен 120 миллионнан астам трекке қол жеткізуге мүмкіндік беретін француздық Deezer музыкалық ағынды платформасында «Love’s Not Over Yet» Венгриядағы ең көп тыңдалған 100 әннің қатарына енді, - деп жазды dimashnews.com.

Аталған ән әлемнің көптеген елінде тыңдалып, түрлі музыкалық хит-парадтар мен рейтингтерге енді.

Чехияның OCKO.TV музыкалық арнасы Димаштың жаңа әнін премьерадан кейін бірден Топ-20 үздік әндердің қатарына қосқан болатын. Сондай-ақ бұл композиция үш аптадан бері Ocko Chart рейтингінде бірінші орында тұр.

Өзгелердің жаңалығы