Ревакцинация. Қандай вакциналар қолжетімді?

25 Қаңтар 2022, 18:55
1231
Бөлісу:
Ревакцинация. Қандай вакциналар қолжетімді?

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында өткен баспасөз мәслихаты барысында ДСМ санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің төрағайымы Айжан Есмағамбетова хабарлады. 

Оның айтуынша, бүгінгі таңда елімізде қайта екпе салдыру үшін үш вакцина қолжетімді.

Ревакцинация үшін 150 мың доза көлемінде отандық «QazVac» екпесін, «Синофарм» мен «Спутник Лайт» вакциналары бар. Сонымен қатар жуырда ревакцинациялау үшін «Спутник Лайт» екпесі жеткізілді. «Спутник Лайт» екпесін 16 мың адам ревакцина үшін салдырған. Оның 135 мың дозасы қалды, - деп атап өтті Айжан Есмағамбетова.

Сонымен қатар ол қалған екпелердің дозасына тоқталып өтті.

«Синофарм» вакцинасының ревакцинация үшін 800 мың дозасы, «QazVac»-тың 150 мың дозасы қалды. Айта кетерлігі, бұл – «QazVac» екпесінің қосымша топтамасы. Ай сайын зауыт 500 мың доза шығарады. Ол келесі аптада өңірлерге жеткізіледі деп жоспарланып отыр, - деді ведомство басшысы.

Өзгелердің жаңалығы