Ревакцинация не үшін қажет

15 Желтоқсан 2021, 12:37
1249
Бөлісу:
Ревакцинация не үшін қажет

Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Алматыдағы И. С. Жекенов атындағы қалалық клиникалық жұқпалы аурулар ауруханасының бас дәрігерінің емдеу жұмысы жөніндегі орынбасары, инфекционист дәрігер Тамара Ұтағанова ӨКҚ алаңында өткен брифингте ревакцинацияға қатысты сұрақтарға жауап берді.

Оның айтуынша, ревакцинация иммундық жауапты бір деңгейде ұстап тұру үшін қажет.

Вакцина алған адамның ағзасында антиденелер бар, бірақ уақыты өте келе олардың қорғау күші төмендейді. Сол үшін ревакцинациямен иммундық жауаптың деңгейін ұстап тұру керек,-деді дәрігер.

Сонымен қатар ол векторлы вакцина алғандарға ревакцинация кезінде инактивті вакцина алуға, инактивті вакцина алғандарға керісінше векторлы екпе алуға кеңес берді.

Ревакцина кезінде әркім қандай вакцинаны алғысы келетіні өз еркінде. Дегенмен, векторлы вакцина лағандарға инактивті екпе алу  әдісі ғылыми тұрғыды бұған дейін дәлелденген әрі ол иммунитетті көтереді,-деді Ұтағанова.

Бұған дейін Алматы қаласыынң бас мемлекеттік санитар дәрігері ревакцинация үшін отандық вакцинаны дұрыс деп тапқандарын мәлімдеген еді.

Өзгелердің жаңалығы