Ревакцинация. 1 млн 200 мың адам қайта екпе салдырған

25 Қаңтар 2022, 17:15
1338
Бөлісу:
Ревакцинация. 1 млн 200 мың адам қайта екпе салдырған

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында өткен баспасөз мәслихаты барысында ДСМ санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің төрағайымы Айжан Есмағамбетова хабарлады. Оның айтуынша, ревакцинация 6 ай бұрын індетке қарсы екпе алған адамдарға жүргізіледі.

Коронавирус инфекциясына қарсы ревакцинация 6 ай бұрын вакцина алған адамдарға жүргізіледі.  Бүгінгі күнге 1 млн 200 мың адам ревакцинациядан өтті.  Елімізде «Pfizer» вакцинасының 2,5 млн астам дозасы бар. Жарамдылық мерізімі – 9 ай. Бүгінгі күнге дейін бірінші компанентпен 564 мыңнан астам адам, екінші компонентпен 300 мыңнан астам адам егілді, - деп атап өтті ведомство басшысы.

Сонымен қатар ол жыл басынан бері ауру жұқтыру бірнеше есеге көбейгенін алға тартты. 

Желтоқсанмен салыстырғанда қаңтар айының басынан бастап сырқаттанушылық 11 есе өсіп отыр. Сырқаттанушылықтың ең көп өсуі Ақтөбе облысында – 53 есе, Маңғыстау облысында – 34 есе, Атырау облысынд – 33 есе, Қызылорда облысында – 28 есе, Нұр-Сұлтан және Шымкент қалаларында – 25 есеге байқалады, - деді Айжан Есмағамбетова.

Өзгелердің жаңалығы